Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

“Жырына жанарымен нәр жинаған”

“Жырына жанарымен нәр жинаған” атты марқұм ақын

Қайрат Жұмағалиевті еске алу кеші

 

“…АНАСЫ БАР АДАМДАР, ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ…  Иә, бұл өлең жолдарын білмейтін қазақтың баласы жоқ шығар. 18 қазан күні лицейімізде “Жырына жанарымен нәр жинаған” атты марқұм ақын Қайрат Жұмағалиевті еске алу кеші өтті.Аталмыш іс-шара ақынның туғанына  80 жыл толуына орай жасалды.Ұйымдастырушылары мектепәкімшілігіжәне лицейіміздің кітапхана меңгерушісі Алмагүл Мусина ханым болған кешке ақынның аяулы жары Софья Нығметоллақызы, қызы Бекзат Қайратқызы және ҚР Білім беру ісінің озаты әрі құрметті қызметкері, кітапхана ісінің шебері, Мәдениет саласының үздігі Исатаева Роза Жақияқызы қонақ болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайрат Жұмағалиевтің өмірімен, шығармаларымен кеңінен таныстыру болды. Кеш барысында К.Жұмағалиев туралы видеоролик көрсетіліп, ақын өлеңдері мен қаламдастарының пікірлері оқылды. Сұрақтар қойылды. Әндер шырқалды. «Тұлғалы ақын,көрнекті қайраткер» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Қ.Жұмағалиевтің портреті, дәйексөздер, шығармалары қойылды. Кеш соңында София апамыз лицей кітапханасына ақынның кітабын сыйға беріп, оқушыларға дәм таратты.

Кітап пен әдеби туындыларды оқу сиреген бұл заманда өскелең ұрпақ жүрегіне ақынның өлеңдерін жеткізіп, мағыналарын кеңінен ашу мойнымыздағы парыз саналады. Осы мазмұндағы іс-шаралар жиі өткізіледі деген мақсаттамыз.

Батыс Қазақстан облысының дарынды

балаларға арналған мамандандырылған

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты

Просмотров страницы: 51

Серіктестер