Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«Жыл мұғалімі – 2018» облыстық байқауы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында, Қарағанды облысы білім беру басқармасы биыл үшінші рет облыстық «Жыл мұғалімі – 2018» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – педагог мамандығының мәртебесін көтеру және өңірдегі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

 Байқаудың бірінші кезеңі 2018 жылдың 1 қазанынан 31 қазанына дейін аудандық/қалалық білім бөлімдері мен арнайы мектеп-интернаттарының қолдауымен өткізілді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, аудандық / қалалық және облыстық мектеп-интернатының арасынан бір жеңімпаз анықталды.

2018 жылдың 13-23 қарашасы аралығында «Жыл мұғалімі – 2018» облыстық конкурсының екінші айналымы өтті. Қатысушылар облыстық мектептер базасы аясында дәріс оқып, сабақтан тыс іс-шаралар өткізді.

12 желтоқсан күні К.Станиславский атындағы театрда конкурстың үшінші кезеңі өтіп, байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, кәсіби білімдарлығын, шығармашылығы мен шеберлігін көрсетті.

Байқаудың 3 кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен арнайы гранттар иелері анықталды. Қарағанды «Білім-Инновация» лицейінің ұстазы, физика пәнінің оқытушысы – Ахын Жагсалаг  I дəрежелі дипломмен жəне 200 000 тг ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ұстазымызды марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, марапатыңыз еселене берсін!

 

 

Просмотров страницы: 123

Серіктестер