Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Желтоқсан желі ызғарлы…»

Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі

2017 жылғы 12 желтоқсанда лицейде ҚР Тәуелсіздігіне арналған Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өткізілді.

Біздің қонақтарымыз:
1. Асанова Алтынай апай – қазақ халқының қаһарман қызы, Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Ләззат Асанованың сүйікті анасы.
2. Карібжан Аманғазы Әлімғазыұлы – ақын ағамыз.
3. Қарабаев Шора Халықұлы – Нархоз университетінің доценті, социология ғылымдарының кандидаты.
4. Көпебаева Маншүк Әлдібайқызы – Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы.
5. Мухамеджанова Улман Жумагазиевна – №1 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжінің оқытушысы.
6. Кантаева Нұрзия Мырзагазиновна – біздің лицейіміздің кітапхана меңгерушісі қызметін атқарады.

Кездесу барысында қонақтарымыз қанша қиын болса да, сонау ызғарлы желтоқсан кездерін еске алып, сауалдарға жауап берді, оқушыларға жақсы тілектерін айтты. Сұрақтардың ішінде «Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы», «Оқиға болған кезде алаңға баруларыңызға қандай жағдай себеп болды?», «Ляззаттың балалық шағы», т.б.с.с.

Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, тағы басқа аға, апайларымыздың рухын еске алу құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

Лицейіміздің оқушылары күй тартып, ән айтып, би биледі.

Лицей директоры Сегизбаева Г.А. құрметті қонақтарымызға алғысын білдірді.

 

Просмотров страницы: 101

Серіктестер