Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Жамбыл облысының әкімі «Білім-инновация» лицейінің дарынды оқушыларымен кездесті

2018 жылдың 12 маусымында Тараз «Білім-инновация» лицейінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздарымен кездесіп, жеткен жетістіктерімен құттықтады.

Оқушыларымыздың тарапынан қойылған қызықты сұрақтарына жауап беріп, қаланың одан әрі өркендеп дамуына немқұрайлы қарамайтынының дәлелі ретінде айтылған бірқатар ұсыныстарды тыңдап, олардың іске асуына ерекше көңіл бөлетінін айтты. Дарынды жастар облыс әкіміне алғысын білдіріп, естелікке суретке түсті.

2017-2018 жылдың қорытындысы бойынша Тараз «Білім-инновация» лицейі білімді де білікті педагогтердің еңбегінің нәтижесінде олимпиада саласында мықтылығын дәлелдеп келеді. 10-жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атағын иеленген.

Оқу жылы барысында оқушылар облыстық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан 61, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан 29, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан 9 орын иеленді.

 

 

Просмотров страницы: 46

Серіктестер