Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

2019 жылдың 9-15 қаңтар аралығында, Алматы қаласында XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен келген 525 дарынды оқушы математика, физика және информатика пәндерінен білімдерін сынға салды. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға 50 алтын, 72 күміс, 121 қола медаль табысталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы өте жоғары нәтиже көрсетті: алтын медаль мен бірінші орынды «SPECTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы Курбанбаев Жан информатика пәні бойынша жеңіп алды.

Математика пәні бойынша, күміс медальдар мен екінші орынды Есенгелді Нұрдәулет, Ашкен Абылай, Раушанов Мәрлен, «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары, «SPECTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы Құдайбергенов Әлихан иеленді.

Математика және информатика пәндері бойынша қола медальдар мен үшінші орынға «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары: Каришев Шыңғыс, Сейдалы Сұлтанәлі,  Мәулен Манас және «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары: Конкаева Бибігүл, Нсанбаев Марат, Қанатұлы Аманбол лайық деп танылды.

Оқушыларымызды құттықтап, жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров страницы: 21

Серіктестер