Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Вице-премьер Атырау «Білім-Инновация» лицейіндегі цифрлық білім беру жүйесімен танысты

18 қазан күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев өңірді цифрландыру аясында атқарылған жұмыстың нәтижесімен танысу мақсатында Атырау қаласына іссапармен келді.

Іссапар аясында Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Атырау «Білім-Инновация» лицейіндегі білім саласындағы цифрландыру жұмыстарымен, «EduPage» электронды журналы, сандық кітапхана, цифрлық білім беру ресурстары, сондай-ақ, оқу үдерісін цифрландыру шеңберінде жүргізілген жұмыстармен танысты.

Лицей мұғалімдері жаңа технологияларды қолдану арқылы пән сабақтарының өту барысын көрсетіп, бұл месенджерлер арқылы канал ашу, сабақ беру барысын басқару, білім беруге көмекші бола алатын сайттардың жұмыстарын пайдалану, пәндерге байланысты ойындар, симуляциялар  т.б. оқытудың тиімді технологиясы және интернет жетістігін білім беру ісінде қолдануға кең мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев жаңа технологияларды қолдану арқылы оқу процессін оңайлату, шәкірттерді пәнге қызықтыру, теория мен практиканы жеңіл әрі тез жүзеге асыру, оқушылармен топтық жұмыс істеу бағытында қызмет етіп келе жатқан лицей ұстаздарының жұмыстарына ризашылығын білдірді.

 

 

Просмотров страницы: 123

Серіктестер