Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ – 2017»

АСТАНА ҚАЛАСЫ «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ – 2017» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2017 жылдың 20 мамыры күні Оқушылар сарайында «Үздік мұғалім» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Алдын ала өткізілген екі турдан сәтті өткен Астана қаласының сегіз мектебінен 8 сайыскер финалға қатысты.

Сайыскерлер өздерінің педагогикалық шеберліктерін педагогикалық тәжірибе нәтижелері мен педагогикалық ситуацияларды шешу арқылы көрсетті.

Әділ қазылар алқасы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы жеңімпаздар анықталды.

«Гран-при» және 1 745 000 теңгеге сертификаттың иегері – № 73 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Бапанова Гүлжан Қобыландықызы.

Жүлделі орын алғандар:

Есілбаева Ұлболсын Ахметоллақызы, № 50 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі – І орын, 1 654 000 теңгеге сертификат.

 Дүйсеев Есбол Ермекұлы, Білім және инновация лицейінің физика пәні мұғалімі – ІІ орын, 1 561 000 теңгеге сертификат.

Бимендин Болат Дүйсімбекұлы, № 58 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі – ІІІ орын, 1 012 000 теңгеге сертификат.

Номинанттар:

Надеин Олег Анатольевич, № 14 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі – «Әдіскер мұғалім», диплом, 200 000 теңгеге сертификат.

Аяпбергенова Гаухар, № 2 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі- «Зерттеуші мұғалім», диплом, 200 000 теңгеге сертификат.

Берденова Шынаркүл Кенжеалиқызы, № 76 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі, «Эрудит мұғалім», диплом, 200 000 теңгеге сертификат.

Мұсабекова Сауле Фазылжанқызы, № 9 «Зерде» мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі, “Жаңашыл мұғалім”, диплом, 200 000 теңгеге сертификат.

Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Дүйсеев Есбол Ермекұлына “Көрермендер көзайымы” жүлдесі тапсырылды.

Мұғалімнің аты-жөні Мектеп Ұпай
1 Берденова Шынаркүл Кенжалиевна № 76 1 6,85
2 Надеин Олег Анатольевич № 14 2 8,59
3 Бимендин Булат Дусимбекович № 58 3 8,80
4 Есильбаева Улболсын Ахметолловна № 50 4 9,58
5 Дуйсеев Есбол Ермекович БИЛ (ұл) 5 9,48
6 Аяпбергенова Гаухар № 2 6 8,40
7 Мусабекова Сауле Фазылжановна № 9 7 7,50
8 Бапанова Гульжан Кобландыевна № 73 8 9,77

 

Просмотров страницы: 158

Серіктестер