Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Ұстазға құрмет – Ұлы міндет!

Қаңтар айының 19 күні «Edlight» білімді қолдау орталығы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «Білім-Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты солтүстік аймақ мектептеріне тарих, география, математика, ағылшын тілі және қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне біліктілікті арттыру семинарын өткізді.

Семинарға 140-қа жуық мұғалім қатысып, теориялық және практикалық білімін арттырып, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында «Білім-Инновация» ХҚҚ президент кеңесшісі Тулебаев Нұрбол Павлодар облысы білім беру басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ, тарих пәні мұғалімі Нурхаева Ардақ Есенгелдіқызына Қазақстан Республикасының оқу-тәрбие саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгіні табыстады.

Ардақ Есенгелдіқызы білім беру саласында 30-ға жуық жыл, соның ішінде 15 жылдай Павлодар қаласындағы «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында» қызмет атқарып келеді.

Ардақ Есенгелдіқызы өз пәнiн жеткiлiктi деңгейде бiлетiн кәсiби маман, жаңа технологияны өз сабағында тиiмдi пайдаланатын, оқушыларына талап қоя бiлетiн, сол талабының негiзiнде бiлiм жетiстiктерiне жетiп жүрген жаңашыл, жоғары бiлiктi санаттағы мұғалiм. Оқушылардың Отанға деген сүйiспеншiлігін оятып, әрбiр сабағын түрлiше өткiзiп, облыстағы әрбiр тарихи шараларға шәкірттерін дайындап тынымсыз еңбек ететiн ұстаз. Ұзақ жылдар облыстағы дарынды мектептердiң алтын медаль иегерлерін ҰБТ-ға дайындап келдi. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде мұғалімдерге семинарлар өткiзiп отырады. Оқушылар мен олардың ата-аналарының, мектеп түлектерiнiң құрметiне, сүйiспеншiлiгiне ие болған маман. Жаңа буын оқулығы бойынша “Тарих тағлымы” атты факультативтiк сабақ бағдарламасының авторы болып табылады.

Ардақ Есенгелдіқызы сабақта балалардың қабiлетiн дамыту үшiн сабақты түрлендiрiп өткiзедi, интерактивтi сабақтар, АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыра бiледi.

«КАТЕV» ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен (қазіргі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ)  өткен қазақ-түрік  лицейлерi  мұғалiмдерiнiң пәндiк емтихан нәтижесiнде 2004-2005 жылы I орын,  2005-2006 жылы ІІ орын, 2006-2007 жылы ІІ орын, 2007-2008 жылы ІІ орын, 2008-2009 жылы ІІ орын, 2011-2012 жылы I орын , 2012-2013 жылы  I орын , 2013-2014 жылы І орын  иелендi.

2011 жылы Ардақ Нурхаева облыстық пән мұғалiмдерiнiң авторлық сайысында I орынға ие болып, грамотамен марапатталған.

2011  жылдан  берi  «Ұлттық  тестiлеу  орталығын  РМҚК-ның  Қазақстан  тарихы  пәнi бойынша  ҰБТ тапсырмаларын құрастыру жөнiндегi  республикалық комиссияның тұрақты мүшесi және ҰБТ тапсырмаларын тәуелсiз сараптамадан өткiзу жөнiндегi комиссияның тұрақты мүшесi, апелляцияларды  қapay  жөнiндеri  республикалық  комиссияның  тұрақты  мүшесi болып табылады.

Сонымен қатар, талапкерлердi кешенді тестілеудің республикалық комиссиясының мүшесi, мұғалiмдердi аттестаттаудан өткiзетiн тест тапсырмаларын құрайтын республикалық комиссия мүшесi, мектептердi мемлекеттік аттестаттаудан өткiзетiн тест тапсырмаларын сараптамадан өткiзетiн республикалық сараптау комиссиясының мүшесi.

2006 жылдан берi «Арман», «Шың» баспаханасынан Қазақстан тарихы пәнi бойынша «Қысқаша анықтама тестер жинағы. 9-11 сыныптар үшін» және ҰБТ дайындығына арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтары, 2014 жылы Қазақстан тарихы пәнi бойынша ҰБT-ғa дайындыққа арналған оқу-әдiстемелiк құралдары (6-сынып, 7- сынып,8- сынып, 9-сынып) жарық көрген. Бұдан басқа 16 оқу-әдiстемелiк құралдары жарық көрдi.  

2011, 2013 жылдары Павлодар облысы бiлiм басқармасының Құрмет rрамотасымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым Министрлiгінің құрмет Грамотасымен  марапатталды.

Семинар соңында Нурхаева Ардақ Есенгелдіқызы ҚР Білім және ғылым минстрі Ерлан Сағадиев мырзаға, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ  президенті Дархан Өте мырзаға, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президент кеңесшісі Тулебаев Нұрбол мырзаға, Солтүстік аймақ «Білім-Инновация» лицейлерінің координаторы Қонақбаев Нұрхат мырзаға, Павлодар «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының» директоры Қарсабаев Ермек мырзаға,  БИЛ тарихшыларының әдіскері Сатанов Арстан мырзаға, сонымен бірге басқа да әріптестерге зор ризашылығы мен алғысын білдірді.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ Ардақ Есенгелдіқызына Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгіге толықтай лайықты деп санап, шын жүректен құттықтайды.    

Просмотров страницы: 174

Серіктестер