Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«USTAZ» мұғалімнің білімін жетілдіреді

Биылғы жылдың 6 тамызынан бастап еліміздің білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған шарт аясында «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсының 2-кезеңі басталды. Осы курс арқылы аталған пәндердің мұғалімдері өз жұмысынан қол үзбестен пәндік курсты игере алады. Бұл курстың мақсаты – өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйретуді көздейді. Дәріс «ХХІ ғасыр педагогы» атты авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілуде.

«ХХІ ғасыр педагогы» бағдарламасы еліміздің үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің биология, химия, физика және информатика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру процесін реттейді. Бұл бағдарлама ағылшын тілінде өтеді. Аталған курс тіл меңгеру деңгейін жетілдіре отырып,  оқытудың біріктірілген тәсілін қолданады.

Курстар облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент, Балқаш, Сәтпаев, Жаңаөзен, Семей және Кентау қалаларында өтті.

Пәндік курс 72 академиялық сағаттан құралған. Аптасына 6 рет, күніне 8 академиялық сағаттан өткізілді. Оқыту прогресін әділ бағалау үшін тыңдаушылардан емтихан қабылданып, нәтижелері бойынша тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.

 

Просмотров страницы: 62

Серіктестер