Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«Үш тілде оқыту: тәжірибе және жетістіктер»

15-16 тамыз аралығында «NURORDA» мектеп-лицейінде ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге арналған «Үш тілде оқыту: тәжірибе және жетістіктер» атты пленарлық отырыс өтті.

Пленарлық отырыстың мақсаты – ағылшын тілінде пәндерді оқытуда Maker-Space және STEM сияқты заманауи технологияларды енгізудің ерекшеліктерімен және талаптарымен танысу, мұғалім жұмысында әдістемелік қолдау құралы ретінде ағылшын тілінде пәндерді оқытатын алдыңғы қатарлы мектептер мен мұғалімдердің желілік қоғамдастығының тәжірибесімен алмасу үшін мұғалімдердің диалог алаңын құру.

Жиынға ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова, «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті Ержан Аубакиров және жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқытатын 300-ге жуық мұғалім қатысты.

Отырыс барысында оқу үдерісін дамытудағы STEM технологиясының рөлі, PBL жобасын оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың заманауи бағыты, тілдік құзыреттілікті дамыту, өнеркәсіптік бағдарламалау курсы, халықаралық бағдарламаларды орта білім мазмұнына кіріктіру және көптілді білім беруде менторлық маңызы атты тақырыптар қозғалып, осы салада қызмет етіп жүрген ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, тақырыптық алаңға қатысушы ұстаздар өздері қалаған сессияға қатысу мүмкіндігіне ие болды.  

Просмотров страницы: 6

Серіктестер