Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Үш тілде білім беру – заман талабы»

2017 жылдың 13 желтоқсанында Алматы «Білім-Инновация» қыз балалар лицейінде «Үш тілде білім беру – заман талабы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.

Мақсат – қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру, пікір алмасу.

Қалалық семинар-практикумге Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық әдістемелік кабинетінің мамандары, Алматы қаласы мектептерінен 70-тен аса физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Ustaz» Professional Learning Centre ұйымдастырған «Билингвалды пән мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша 2017 жылы 11 сәуір – 15 желтоқсан аралығында ағылшын тілінде 480 сағаттық курстан өтті. Мұғалімдердің ағылшын тілін білу деңгейлері Халықаралық CEPT тестінің В1 дәрежесіне жетті. Семинар-практикум аталған курстың қорытындысы ретінде өткізілді.

Лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Алиева Г.Д., Қабдыл Ж., Кибад Р., математика пәнінің мұғалімдері Буюкалчын М., Гюр Т., информатика пәнінің мұғалімдері Мәмірей Ұ.Т., Менгельс А., физика пәнінің мұғалімі Аляз А., химия пәнінің мұғалімі Елюбаев О., биология пәнінің мұғалімі Кусаинова А.Е. сабақтарын көрсетті. Семинарға қатысушылардың пікірлері бойынша сабақтар жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде жақсы меңгеруі қазіргі талаптарға сай.

Семинардың практикалық бөлімінде аталған пәндер бойынша Білім көрмесі өткізілді. Онда қонақтарымыз оқушылардың химия, физика, биология пәндері бойынша ұсынған эксперименттеріне қатысты, ал математика және тілдер пәндері бойынша түрлі интеллектуалдық ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Информатика мұғалімдері лицей қыздарының жасаған робототехника туындыларын тамашалады.

Семинар мәжіліс залында жалғасты. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі, 20-шақты оқушысы республикалық, 100-дей оқушысы аудандық, қалалық олимпиадаларының жеңімпаздары атанған Түрел Байрам «Lifelong  learning for a Smart approach» – «Дарынды балаларды оқыту барысында өз білімін жетілдіру» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Іс-шара ицей оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. 9-сынып оқушылары: «Жұлдыздар тоғысқанда»  («Так сложились звезды») атты Тұңғыш Президент  туралы көркем фильмде Нұрсұлтан Әбішұлының қызы Алияның рөлін сомдаған және 2016 жылы Германия мен Румынияда, 2017 жылы Австралияда өткен Халықаралық тіл және мәдениет фестивалінде ІІІ жүлделі орынға ие болған Сағи  Венера мен Парижде өткен Халықаралық мәдениет фестивалінің лауреаты Өтеген Аружан «Қазағым менің» әнін бірлесіп айтып, аталған фестивальдерге қатысқан бишілер тобы төрт халықтың ұлттық биін орындады.

Алматы қаласы Білім басқармасы жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Абдиманапова Қарлығаш Акановнаның айтуы бойынша, семинар-практикумның заманауи талаптарға сай, көрсетілген сабақтар мен берілген ақпараттың ұстаздарға тигізер пайдасы мол.

 

 

 

 

 

Просмотров страницы: 186

Серіктестер