Қараңғы қазақ даласына шуақ боп тарап, елді оқуға шақырған, надандық құрсауынан шығарып, азаттыққа жетелеген қазақтың қайсар тұлғасын Ыбырай Алтынсарин атамызды ұлықтау әр қазақ еншісінде.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұстаздар күні қарсаңында Қостанай қаласындағы «Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінің» ұстаздар қауымы Тобыл жағасында орналасқан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кесенесінде болды. Ұстаздар халқының мұңына «кел, балалар, оқылық» деп, перзенттік махаббатын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күшін аямай жұмсаған ұлт ұстазының рухына тағзым етті.
Ұстаздық еңбек жолын алғаш бастаған жас мамандар мен Ыбырай атамыздың ізін жалғастырушы аға буын өкілдеріне «дала қоңырауының» даналыққа толы даңғыл жолын берсін деп тілейміз! Ыбырай ісін өнеге тұтып, өз өмірін өзгелердің бақытты болашағына арнаса құба құп болар еді.
Дарынды балаларға арналған Қостанай «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейі»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермағанбетова Г.М.
Просмотров страницы: 22