Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Түлектерім, ұшып шыққан ұядан»

       

«Біздің жаңа саяси бағытымыз сендерге жаңа мүмкіндіктер, жақсы білім, лайықты еңбек пен ұлы болашақ сыйлау. Бүгінгі жастар жаңа бағыттың жылжушы күші болуға және жемісін көруге тиісті»,- деп Елбасымыз айтқандай, қаңтар айының 10-ы күні мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, кәсіби бағыт – бағдар беру мақсатында дәстүрге айналған «Түлектерім, ұшып шыққан ұядан» атты студент-жастармен кездесу өткізілді.

Кешті лицей директоры С.Ш.Талдахметов құттықтау сөзімен ашып, ертеңгі күннің құрығын қолға ұстаған студенттерге өзінің  ақ тілегін білдірді. Кеш барысында түлектер 11-сынып оқушыларына университетке   түсу үшін қандай дайындық керек екені туралы, қандай құжаттар жинау керектігі жайлы, кездесетін қиындықтарды  айтып өтті. Ең бастысы ҰБТ-ға тыңғылықты, жүйелі дайындық, түлек тарапынан саналы түсінік қажет екенін ескертті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына  нақты, қызықты, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Әрі қарай кеш оқушылардың аға студенттеріне арнаған өнерлерімен, түлектердің лицейде оқып жүргенде өткен қызықты оқиғалары бейнеленген бейнероликпен жалғасты.

Кездесу өте тартымды да қызықты болды.

       

Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты

Просмотров страницы: 33

Серіктестер