Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Тараз «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты ең үздік 10 халықаралық мектеп тізімі қатарында!

Канада еліндегі «Торонто» университеті ұйымдастырған биология пәнінен кезекті Халықаралық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Канада мемлекетінің қатысушыларын есепке алмағанда, басқа мемлекеттердің 86 мектебінен 1376 оқушы бақ сынаған. Халықаралық байқауға 1995 жылдан бастап 120 000 астам орта мектеп оқушылары қатысқан.

Қатысушылар арасында Тараз «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының оқушылары қатысып, 10-сынып оқушысы Тұртемір Әділет (биология пәнінен 2017, 2018 жылғы Республикалық олимпиадалардың алтын медаль иегері, 2018 жылдың шілдесінде Иран астанасында өтетін дүниежүзілік биология олимпиадасына үміткер) ең жоғары нәтиже көрсеткен алғашқы 10 оқушының қатарынан көрінді.

Нәтижесінде мектеп-интернат 2017 жылғы көрсеткіш бойынша халықаралық деңгейдегі алғашқы 15 мектептің 6 орнында тұрса, биылғы көрсеткіш едәуір қуанарлық. Себебі, 10 үздік мектептердің арасында 5 орында тұр.

Тараз «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты алдындағы 4 мектеп:

  1. Томас Джефферсон мектебі, (Солтүстік Вирджиния, АҚШ);
  2. Юс Элайт Эдукейшн, (Раритан, Нью-Джерси)
  3. Математика және ғылым НУС мектебі, (Сингапур)
  4. Рич мектебі, (Баскинг Ридч, Нью-Джерси)

Бұл жетістік дарынды ер балаларға арналған Тараз «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Эрбен Озканның кәсіпқойлық деңгейінің көрсеткіші екенін айта кеткен жөн.

 

Просмотров страницы: 46

Серіктестер