Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған келісімнің аясында 1 қараша айынан бастап, білім беру саласындағы ағылшын тілін меңгерген биология, химия, физика және информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстарының екінші кезеңі басталды.

Курстың мақсаты – жан-жақты әдістемелік көмек көрсету арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби құзыретін дамыту. Дәрістер тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының авторлық білім беру бағдарламасы бойынша өткізіледі.

Тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы үштілді білім беру моделіне көшуге, өз пәнін ағылшын тілінде оқыта білуге,  ағылшын тілін В1 және жоғары деңгейде меңгерген жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мұғалімдерге бағытталған.

Аталған курста 4500 мыңнан астам мұғалім біліктілігін жетілдіруде. Курстар аудан және облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ республиканың шағын қалаларында өткізіліп жатыр.

2-кезең 2018-2019 оқу жылының ІІ тоқсанының алдындағы демалыс кезінде өтеді. Топ бойынша кемінде 24 академиялық сағат теорияға, ІІ тоқсан кезінде кемінде 8 академиялық сағат практикаға бағытталуда.

Биология, химия, физика, информатика пәнінің мұғалімдері курс аяқталғаннан кейін өз пәнін ағылшын тілінде оқыту үшін қажетті коммуникативтік стратегияларды пайдалана алады, басқа әріптестерімен кәсіби байланыс жасай отырып, оқу процесін дамытуды және жақсартуды үйренеді, кәсіби тұрғыдан дамиды, өзге оқытушылардың сабақтарын бақылау, бағалау, түсіндіру және сынау арасындағы айырмашылықты көруге қабілетті болады, құзыреттілігін арттырады, оқытудың заманауи әдістерімен тәсілдерін толық игеріп танысады.

Просмотров страницы: 4

Серіктестер