Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

“Spectrum” халықаралық мектебінің оқушылар құрамасы “World Scholar’s Cup” жарысының чемпиондар додасына қатысуға жолдама алды

Естеріңізде болса, осы жылдың 30-31 наурыз аралығында «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорына қарасты “Spectrum” халықаралық мектеп мекемесінде “WORLD SCHOLAR’S CUP” («Әлем білгірлері кубогы») атты жасөспірімдер арасындағы пәнаралық білім сайысының Астана раунды (Astana Round) өткен болатын.

2007 жылы Гарвард және Стэнфорд университеттерінің түлегі Дэниел Бердичевскийдің бастамасымен құрылған «Әлем білгірлері кубогының» негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының халықаралық қауымдастығын құру, оқуға қызығушылық танытқан және бүгінгі өзекті мәселелерді талқылауға дайын кез-келген оқушыға қолдау көрсету.

“World Scholar’s Cup” жарысының чемпиондар додасына жолдама алған “Spectrum” халықаралық мектебінің 5-сынып оқушылары Лара Наз Генджер, Муxамедиева Аянат, Лесxанқызы Жұлдызай 16-21 қараша аралығында Йель университетінде өтетін (АҚШ) жарысқа қатыспақ. Оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, жеңіс тілейміз!

 

⠀⠀

Просмотров страницы: 10

Серіктестер