Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Шексіз ғалам, Мен сенің бір бөлшегің…»

Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының кітапхана меңгерушісі Г.Б.Утарбаеваның ұйымдастыруымен лицей оқушылары С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өткен ақын, драматург, жазушы, сатирик, жыршы-жырау, кинорежиссер, мәдениет қайраткері Баянғали Тоқанұлы Әлімжановпен «Шексіз ғалам, Мен сенің бір бөлшегің…» атты кездесу шарасына қатысып қайтты. Кеш мамыражай, жаймашуақ, көңілді, әсерлі болды. Кеш барысында көптеген жыр жинақтарының авторы ақын, Айжанов Жақсылық қаламгердің шығармашылығы жайында қысқаша сөз қозғады. Арқалы ақынның алмас жырларындағы көркемдік ерекшеліктерге тоқталды. Одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нұрлыбек Қалауов кеш иесінің талантымен азаматтық қасиеттері туралы парасатты ой өрбітті. Жүздесуде Баянғали ағаның өзіде өмір жолынан тағылым болар жып-жылы естеліктер айтты. Шара барысында жазушы жастармен емін-еркін әңгімелесті. Олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Автор өзінің өлеңдерін оқып, жеке шығармашылық ойларымен бөлісті. Оқырмандарға соңғы жарық көрген кітаптарын сыйлады. Қаламгер сөзінің соңында жастарға қарата: «Баяғыда Мәлік Ғабдуллин ағамыз айтушы еді, күніне бір сағат кітап оқысаңыздар, сол өмірлеріңізге жетеді» деп еді. Әрине, бүгінгідей қым-қуыт шақта бір сағат емес, 15 минут кітап оқысаңыздар, жаман адам болмайсыздар» деп, өзінің ағалық ақылын айтты. Қорыта айтқанда, ақындығы алымды, қаламы қарымды, сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың өмір жолымен өнердегі өнегелі іздері жастарға тағылым болар тәлім екендігіне көз жеткізіп, көңіліміз көркейіп қайтты.

 

Просмотров страницы: 49

Серіктестер