Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕГЕН ШИРЕК ҒАСЫР!»

Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының құрылғанына 25 жыл толуына орай, 2018 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Шәкірт тәрбиелеген ширек ғасыр» атты ашық конкурс қорытындыланды.

Үш айға созылған сайысқа телеарна атынан 6 жұмыс, баспасөзден 3 материал ұсынылған болатын. Конкурстың нәтижесі бойынша, «Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша:

1 орын – Гүлназ Кәрімжан. «Atyray» телеарнасының редакторы. «Қалаулы кәсіп» бағдарламасы.

2 орын – Индира Мерекен. «Atyray» телеарнасының редакторы. «Репортер» бағдарламасы.

3 орын – Балауса Халелова. «Atyray» телеарнасының редакторы. «Біздің кейіпкер» бағдарламасы.

«Газеттер мен журналдардағы үздік материал» номинациясы бойынша:

1 орын – Тұрсын Қалимова. Республикалық «Aiqyn» газетінің тілшісі. «Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу – заман талабы» материалымен.

2 орын – Болат Жұмағалиев. Республикалық «Білімді ел» газетінің тілшісі. «Юбилей лицея инноваций» материалымен.

3 орын – Алтыншаш Құрмашева. Облыстық «Атырау» газетінің тілшісі. «Бәсекеге қабілетті білім ордасы» материалымен.

 

 

 

 

 

Салтанатты марапаттау шарасында Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей директоры Исмаил Эльма жергілікті БАҚ қызметкерлерін конкурсқа қатысып, білім ошағын ақпарат құралдарында жан-жақты таныстырып, насихаттағаны үшін алғысын білдірді.

Аталмыш конкурстың мақсаты – сапалы білім мен ізгіліктің ордасына айналған Атырау «Білім-Инновация» лицейінің ширек ғасыр ішіндегі жеткен жетістіктерін ақпараттық-имидждік тұрғыда жария ету. БАҚ құралдарын білім беру саласындағы тың жаңалықтарды үзбей жария етіп тұратын жұмыстарды қолға алуға шақыру. Журналистік қоғамдастықта білім саласы тақырыбында қалам тербеп жүрген жаңа есімдерді анықтау. Елбасымыздың білім саласына қатысты Жолдауда көрсетілген тапсырмалар мен бағдарламаларды білім ошағының жұмыстары арқылы насихаттау.

 

Просмотров страницы: 3

Серіктестер