Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

САПАРАЛЫ БЕЙБІТПЕН КЕЗДЕСУ

Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі 

2017 жылғы 28 қарашада лицейімізде қоғам қайраткері, журналист, жазушы, «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» кітабінің авторы Сапаралы Бейбітпен кездесу өткізілді.

Бұл кітапта Елбасының жас кезіндегі беймәлім қыр-сырлары көрсетілген, сирек кездесетін фотоқұжаттармен безендірілген.

Қадірлі қонағымыз Сапаралы Бейбіт ағайға оқушылар тарапынан да қызықты сауалдар қойылды. Оның ішінде өзінің балалық шағы, Елбасы туралы жазу идеясы, шығармашылық жоспарлары жайында.

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған іс-шаралардың бірі – «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» кітабын оқып, мазмұнына арналған тестіне қатысу. Жеңімпаз атанған оқушыларымызға: 7 «А» сыныбынан Берік Аяулым, Ерланқызы Томирис, 8 «А» сыныбынан Құралбай Аружан, Алпысбаева Аружан, Мәдениет Мерей, Мухтарханова Жасмин, Ата Сена, Муратбекқызы Жанна, 8 «Б» сыныбынан Айдынбекқызы Зере, Исаева Арайлым, 10 «А» сыныбынан Досқалиева Аружанға автор өз кітабына  қолтаңбасын қойып әрқайсысына сыйлады. Досқалиева Аружан кітаптан алынған қызықты жағдайларды еске түсіріп, өз пікірін авторға жеткізді.

Аталған кездесу барысында мемлекеттік мерекеге жақсы жетістіктермен жеткен оқушыларымыз марапатталды.

Лицей директоры Сегизбаева Г.А. қонағымыз  әрі ата-анамыз Сапаралы Бейбіт ағайға ғибрат сөздеріне ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор деп тұжырымдама жасады.

 

Просмотров страницы: 18

Серіктестер