Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ!

6 маусым күні ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторлық тобының мүшелері Атырау облысына жасаған іс-сапары аясында, қаладағы «Білім-инновация» лицейіне келіп, білім ошағындағы «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты.

Атырау «Білім-инновация» лицейінің қызметкерлері астаналық делегацияны білім саласындағы жеткен жетістіктерімен таныстырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асуы тиіс «Туған жер», «Цифрлы Қазақстан», «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 кітап» секілді жобалар бойынша атқарылған және жоспарланған жұмыстардың бағытымен таныстырды.

Инспекторлық топ бұдан өзге «Цифрлы Қазақстан» жобасының лицейдің білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан тың жаңалықтарымен де танысып білді. Оқушыларды кітап, журнал оқуға деген қызығушылықты арттырудың инновациялық жолы, жаңа технологиялар арқылы дәріс берудің тәсілдері, физика-химия пәндерін 3D, визуалды тәжірибелер арқылы үйрету, робототехника саласын дамыту, ғылыми жобалар т.б. жұмыс барысы келген меймандарға көрсетілді.

Сондай-ақ кездесу барысында, «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінде аталған бағдарламаны білім беру ордаларында жүзеге асырудың жолдары мен тетіктері талқыланды.

«Рухани жаңғыру» – еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде орта білім беретін мектептер үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат білім ошақтарының тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашуда.

 

 

Просмотров страницы: 29

Серіктестер