Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалінен” БИЛ оқытушылары жүлделі оралды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 16-17 қаңтар күндері Алматы қаласында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді.

Аталмыш конкурсқа еліміздің әр аймағынан жиналған 400-ден астам оқытушы қатысты. Олар 7 минут ішінде оқушыны белгілі бір пәнге қалай қызықтыру керектігін және білім беруде қандай реформалар жүзеге асқаны жөн екенін жеткізді.

Фестивальдің негізгі мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына, Қарағанды «Білім-Инновация» лицейінің информатика пәні оқытушысы – Нұрсұлтан Ахметов және Өскемен «Білім-Инновация» лицейінің химия пәнінің мұғалімі – Хасен Темірлан қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды.

 Қарағанды «Білім-Инновация» лицейінің информатика пәні оқытушысы – Нұрсұлтан Ахметов, шәкірттерінің алған білімдерін практикада дұрыс қолдана білуін, пәндік олимпиада, ғылыми жоба, робототехника бағыттары бойынша өз оқушыларынын қалай дайындайтындығы жөнінде баяндама жасады.

Ал Өскемен «Білім-Инновация» лицейінің химия пәнінің мұғалімі – Хасен Темірланның айтуынша, сабақ барысында формулалар мен тұжырымдарды ғана үйрету қазір қызық емес. Сондықтан мен PBL: Project Based Learning яғни, жобаға негізделген оқыту әдісін ұсынамын. Мысалы, «азот және азот қышқылы» тақырыбын зерттеу барысында, балаларға зауыт тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынамын. Олар түрлі шығарындылардың әсерінен қоршаған ортаның қандай болатынын анықтап, бір тақырыпты жан-жақты қарастырады.

Просмотров страницы: 82

Серіктестер