Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Қостанайда «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі аяқталды

Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ. Осы мамандықтың білім беру ордаларында да алар орыны ерекше.

Психолог мамандығының маңыздылығын арттыру, психология ғылымының мәртебесін көтеру мақсатында, Қостанай облысы әкімдігі «Қостанай дарыны» өңірлік-ғылыми практикалық орталығының бастамасымен «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінде» «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Дәстүрлі түрде өтетін аталмыш байқаудың мақсаты-талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтаужәне қолдау, шығармашылық жаңалықтармен, идеялар, тәжірибелермен алмасу.

Байқау қатысушылардың еңбек өтілі бойынша үш сатыға бөлінді. Үш жылға дейін еңбек өтілі бар, 3-7 жылдық және 7 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздар сайысқа түсті.

Өз мамандығы жайлы ойтолғау, «Өзін-өзі таныстыру», авторлық бағдарлама, психологиялық жағдаяттарды шешу сияқты кезеңдерден тұрған сайысқа өз ауданынан топ жарып келген психолог мамандар облыстық кезеңде асқан шеберліктері мен өз ісінің майталмандары екенін көрсетті.

Сайысқа Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары әділқазылық жасады.  Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша  «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» Молдагалиева Ельнара Болатханқызы, «Рудный қаласы №1 орта мектебі Турганова Динара Закриевна, Қостанай қаласы №3 орта мектебінің жантанушылары оза шығып, бірінші орынға ие болды және республикалық сайысқа жолдама алды.

Облыстың мәртебесін республикалық сайыста қорғайтын ұстаздарға сәттілік тілейміз!

 

 

Просмотров страницы: 7

Серіктестер