Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

ҚАЗБЕК ҚАШҚАБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ

2018 жылғы 5 ақпанда лицейімізде Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі, «Балалық шақпен қоштасу» хикаятының авторы Қашқабаев Қазбекпен кездесу өткізілді. Лицейді үздік бітірген Қазбек мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Кембридж университетінде білім алды. Білім-менеджмент саласының магистрі. «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының атқарушы директоры. Қазақ-түрік лицейлерінің директоры қызметін атқарды. «Айқын» газетінде жарияланған «Балаңызға қандай кітап
оқытасыз?» атты мақаласы көптеген оқырмандардың назарын аударды.

Кездесуге 7-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кітапты алдын ала оқып, авторға сұрақтарын қойды. Бір үзіндісіне тамаша көрініс дайындады. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ұлттық рухани құндылығымызды жаңғырту осы кітапта айтылып өткен киелі Түркістан, Қазығұрт тауына саяхат жасау жастарды өз елінің, жерінің тарихын тануға, патриотизмге үндейді.

Кітаптың алғысөзін «Арманы алға жетелесін!» тақырыбымен жазған Сұлтан Қалиұлы – балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар әдебиеті секциясының төрағасы. Қазбек болашақта бұл хикаят трилогияның бірінші бөлімі болмақ және қазіргі таңда ағылшын тіліне аударып жатқаны туралы оқырмандарымен бөлісті.

Лицей әкімшілігі, оқушылар жазушы қонағымызға шығармашылық шабыт тілеп, жаңа туындыларын асыға күтетінін айтты.

Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі

Просмотров страницы: 48

Серіктестер