Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Қазақстандық оқушылар Халықаралық математикалық олимпиадада 18-ші орынға ие болды

http://almaty.fizmat.kz/news/59th-international-mathematical-olympiad/

Қазақстандық команда Румыниядағы Халықаралық математикалық олимпиадада төрт күміс және екі қола медальді жеңіп алды. Биылғы жылы Қазақстан құрамасы командалық жарыста 25-орыннан 18-ші орынға көтеріліп, өткен жылғы нәтижесін жаңартты.

Олимпиадаға 116 елдің 615 оқушысы қатысты. Әдеттегідей, олимпиада 2 тур бойынша өтті. Әр турда қатысушыларға 3 тапсырма ұсынылды, олардың әрқайсысы 7 ұпаймен бағаланды. Нәтижесінде, қатысушы ең көп дегенде 42 ұпай алады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша математикадан Қазақстан құрамасы 4 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды. Командалық жарыста жерлестеріміз 18-ші орынды иеленіп, әлемнің 20 елінің қатарына енді.

Қатысушылардың нәтижелері:

Аружан Аманбаева – Республикалық физика-математика мектебінің (Алматы) 11 сынып оқушысы – күміс медаль (29 ұпай);

Алексей Цеховой – №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы (Алматы) – күміс медаль (28 ұпай);

Әлихан Құдайбергенов – «Білім – Инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы (Астана) – күміс медаль (28 ұпай);

Шыңғыс Біләлов – «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы – күміс медаль (25 ұпай);

Рахман Асматуллаев – №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы (Алматы) – қола медаль (21 ұпай);

Әлихан Зиманов – «Tamos Education» физика-математикалық мектебінің 10-сынып оқушысы (Алматы) – қола медаль (20 ұпай).

59-шы Халықаралық математикалық олимпиада Румынияның Клуж-Напока қаласында өтті. Биылғы Олимпиаданың жеңімпаздары АҚШ командасы деп танылса, екінші орынды ресейлік оқушылар, ал үшінші орынды Қытай командасы жеңіп алды.

Просмотров страницы: 15

Серіктестер