Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы

Ресей Федерациясының Челябинск қаласында 9-10 қараша күндері Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге адам капиталын дамыту тақырыбына арналған көрмеге барды. Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресейдің білім беру жүйелерінің экспозициялары көрсетілді.

Көрмеге Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры, «Bilim Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы менеджмент университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы сияқты Қазақстандағы білім беру мекемелерінің жобалары қойылған.

Қорымыздың президенті Дархан Өте мен президент кеңесшісі Нұрбол Төлебаев мырзалар форумға келген қонақтарға “Білім-Инновация” лицейлерінің инновациялық жаңалықтарымен таныстыруда. Ресейлік қатысушылармен қоса ҚР Білім және ғылым вице-министрі Амрин Асланбек пен БҚО әкімі Көлгенов Алтай мырзалар да БИЛ жұмыстарымен танысып, қызығушылықтарын танытты. 

Просмотров страницы: 175

Серіктестер