Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Қазақ руханиятының қара нары дүниеден озды

Алты алаштың алыбы, қазақтың маңдайына біткен дара тұлға, әдебиет әлемінің қайсар мінезді қаламгергі, көрнекті ұлт жанашыры, қазақ журналистикасының қара нары атанған Шерхан Мұртаза ағамыз дүниеден озды.

Қазақтың заңғар жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірден өтуіне байланысты “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қоры орны толмас қазаға ортақтасып, отбасы мен ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Ағамыз халқының шынайы құрметіне бөленіп, абыройын адал еңбегімен еселеген арысымыз еді. Қазақ әдебиетінің алыптарымен бір қазанда қайнап, отандық журналистика мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Талай шәкірт тәрбиелеп, көпке үлгі, қалам ұстаған қауымға ұстаз бола білді.

Қоғам қайраткері, халық жазушысы, ардақты абыз ағамыздың артында қалған мол мұрасы мен өшпес еңбегі халқының көңіл төрінде мәңгі сақталатынына сенеміз. Шерағаның қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын, Шераға!

 

 

Просмотров страницы: 10

Серіктестер