Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Қанатты қыз Айшолпанға «Spectrum» Халықаралық мектебінде оқуға грант бөлінді

Бүгінде әлемге атағы шығып, небәрі 13 жасында жаһанға танылған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын Бүркітші қыз – Айшолпан Нұрғайыпқызының Қазақстанға келді.

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Астана Орталық коммуникациялар орталығында дүниежүзі бойынша ең жас құсбегі атанған Айшолпанмен брифинг кездесу өтті.

Шараға  «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин,  «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте Ермаханұлы, Моңғолияда тұратын әлемге танымал қазақтың бүркітші қызы Айшолпан Нұрғайыпқызымен анасы Алмагүл Көксеген қатысты.

Айшолпан қандасымыз бірқатар елді аралап көрсе де атажұрты Қазақстанда болмаған екен. Қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі – құсбегілік өнерін игерген қанатты қыздың арманын «Білім-Инновация» ХҚҚ орындауды жоспарлап, демеушілік жасады.

Қазақтың ғана емес, күллі көшпенділердің абыройын көкке көтеріп жүрген Айшолпанды елге алып келудегі мақсат – оның арманын орындап, елмен таныстырып, көрсетіп, мысалы арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, салт-дәстүрімізді дәріптеп, қазақ халқының мол мұрасын насихаттау.

Айшолпанға шетелдіктердің қызығушылықтары басым, әртүрлі мемлекеттерден ұсыныстар, шақыртулар көптеп келіп жатыр екен. Бүгінде қандасымызды әлемге әйгілі Гарвард, Оксфорд университеттері өз гранттарын ұсынып отырғандығы жайлы да есітуіміз бар. Осы тұста академиялық білімін жетілдіру, тілдік деңгейін жетілдіру мақсатында «Білім-Инновация» қоры атынан Айшолпанға «Spectrum» Халықаралық мектебінде оқуға 20000$ көлемінде грант бөлініп, ұсыныс жасалғанын айтып өткен жөн.

Ерекше атап өтетін тағы бір жәйт, аталған сапарға ақпараттық қолдау көрсетіп, түсірілім тобын жіберген Ерлан Тынымбайұлына, Қазақстан ұлттық арнасына, сондай-ақ шалғай елде, салт-дәстүрімізді ұмытпай, өз қалпында сақтап жүрген Айшолпан қандасымызға өз алғысымызды білдіреміз.

 

Просмотров страницы: 11

Серіктестер