Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Қайырымдылық жәрмеңкесінің қорытындысы

Астана «Білім-инновация» лицейінің 2009 жылғы, Сүлейман Демирел университетінің 2013 жылғы түлегі Диас Османның ауыр дертке шалдығуына байланысты, әр облыстағы «Білім-Инновация» лицей-интернаттарында бірқатар қайырымдылық іс-шаралары өтті.

Атап айтар болсақ,  13 желтоқсан күні Атырау «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, жиналған қаражат оның емделуіне аударылды. Ақтау «Білім- Инновация» лицей-интернатының 7-8 сынып оқушылары «Жүректен – жүрекке​» мейірімділік акциясын өткізіп, 454 000 теңге жинады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында сынып болып көп ақша жинаудан жарысқан Астана «Нұрорда» мектеп-лицейінің оқушылары мен ата-аналары 1,361,900 теңге жинады. Бұған дейін, желтоқсанның 5 күні, осы мектепте өткен қайырымдылық кешінде жомарт жандардың қатысуымен 2,928,300 теңге бөлек жиналған болатын. Басқа қалалардағы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары мен ата-аналары да Диастың сауығып кетуіне ат салысып, қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Ал, Семей «Білім-инновация» лицейінің оқушылары әр жыл сайын қайырымдылық футбол турнирін өткізіп, жетім балалар мен жағдайы төмен отбасыларға көмектесетін. Биыл,  қайырымдылық футбол турнирінен түскен қаражатты лицей түлегі Диас Османға жібереміз деп шешкен екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

Көріп отырғандарыңыздай, қайырымды жандар аз емес. Барлық лицей оқушылары мен ата-аналар жұмылған жұдырықтай бірлесе, Диастың оңалып кетуіне тілекші.

Көмек қолын созған барлықтарыңызға алғысымыз шексіз!

 

Просмотров страницы: 249

Серіктестер