Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Оқушылар арасында республикалық үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және бильярд жарысы өтті

18-19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Білім-Инновация» лицейлерінің оқушылары арасында, дәстүрлі республикалық үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және бильярд жарысы өтті.

Жарысқа «Білім-Инновация» ХҚҚ-на қарасты білім беру ұйымдарының 7-8, 9-11 сынып оқушылары, жалпы саны 150-ге жуық оқушы қатысты.

Шараның мақсаты – оқушылардың  арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, отансүйгіштікке баулу. Биылғы жарыстың ерекшелігі – бильярд ойынының қосылуы.

Үстел теннисі бойынша:

1-орын: Нұртазин Ақнұр (Семей), Болатбекова Камила (Өскемен Нұр Орда), Есиркесинов Ердаулет (Көкшетау), Бекұзақ Айжан (Тараз JIC);

2-орын: Ғазез Мейірлан (Астана), Талғат Ақжан (Шымкент), Тортаев Темірлан (Жезқазған), Дукенбаева Алия (Тараз БИЛ);

3-орын: Исаев Алишер (Көкшетау), Оңай Малика (Атырау), Батухан Билген (SDL), Изупчикова Рима (Өскемен Нұр Орда).

Бильярд турнирі бойынша:

1-орын: Сактаганов Султан (Ақтау)

2-орын: Бекен Дінмухамед (Жезқазған)

3-орын: Джапуев Хамзат (Талдықоған)

Шахмат бойынша:

1-орын: Жұмағали Дінмухамед (SDL), Совет Эльмира (Астана), Қылышбеков Теңгір (Шымкент), Әжмұхан Дариға (Алматы);

2-орын: Ахметжан Абылай (Алматы), Құбылқызы Жаннура (Қызылорда), Амандық Дархан (Көкшетау), Кенесхан Айзере (Тараз БИЛ);

3-орын: Амангелді Сафи (Жезқазған), Кемелбекова Әсел (Тараз БИЛ), Тоқпаев Арлан (Петропавл),  Сайлауқызы Мағжан (Шымкент).

Тоғызқұмалақ бойынша:

1-орын: Қойшыбай Шыңғыс (Қарағанды), Дүйсенбек Мерей (Шымкент), Кошкаров Бектай (Қызылорда), Байшүкір Аққу (Павлодар);

2-орын: Түгелбай Шапағат (Жезқазған), Ерлан Мөлдір (Павлодар), Аубәкір Бекзат (Павлодар), Нұрболқызы Дильназ (Тараз БИЛ);

3-орын: Нұржан Ерқанат (Екібастұз), Ертасова Ажар (Алматы), Батырхан Бекзатхан (Көкшетау), Нуритдинова Айым (Астана).

Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров страницы: 74

Серіктестер