Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Өнімділікті арттырудағы PR-дың рөлі

8-9 қаңтар аралығында «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру ұйымдарындағы медиа саласына жауапты жас мамандарға арналған «Өнімділікті арттырудағы PR-дің рөлі» атты семинар-тренинг болып өтті.

Семинар-тренингте блогер, kerekinfo.kz блог-платформасының админі – Аршат Ораз, «Қазақ радиосының» редакторы – Алмас Тоқабаев, el.kz порталының бас редакторы – Бэлла Орынбетова және тренер, sayasat.org саяси журналының PR директоры, «White Media» жарнама агенттігінің директоры – Ренат Балғабаев қатысушыларға дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі жаһандану заманында әлеуметтік желініӊ әлеуеті артып, қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал ететін деӊгейге жетті. Осыған орай, семинар-тренинг барысында «Ақпараттық соғыс және қорғаныс амалдары», «Әлеуметтік желі контентін жасау жолдары», «SMM-нің алтын ережесі мен негізгі қателіктері», «Аудиторияны оқырманнан досыңа айналдыру» тақырыптары бойынша дәріс оқылып, қатысушылар тәжірибе жүзінде тапсырмалар орындады.

Сонымен қатар, Республиканың әр облысынан семинар-тренингке келген білім беру ұйымдарындағы медиа жұмысына жауаптылар Қазақстанның негізгі ақпарат құралдары шоғырланған Қазмедиа орталығына экскурсия жасап, тележурналистиканың қыр-сырымен танысып білісті.

Шараның мақсаты жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бағытындағы білімін жетілдіру және әлеуметтік желідегі SMM негіздерін түсіндіру мен контент маӊызын дамытудыӊ жолдарын үйретуге бағытталған.

«PR4U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингтің қорытындысы бойынша, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

 

Просмотров страницы: 186

Серіктестер