Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«ОЛИМП ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН МЕКТЕП»

Алматы қаласында өткен «Дарындылық және дарынды балаларға арналған Қазақстандық мектептер: Ізденіс, шығармашылық жылдары мен болашағы» атты мамандандырылған мектептердің педагогтарына арналған республикалық тамыз кеңесінде 131 мектеп ішінде Ақтөбе «Білім-инновация» лицейі «ОЛИМП ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН МЕКТЕП» атағына ие болып, вице министр А.Аймағамбетовтің қолынан зор марапатқа ие болды.

Бұл ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен оқушылардың білімге деген құштарлығының жемісі. Барлық лицей ұжымы мен оқушыларымызды және ата-аналарымызды құттықтаймыз! Дарынды оқушыларды олимп шыңына жетелеуден ұлағатты ұстаздар шаршамасын! Еңбектеріңіз елене берсін, құрметті «Білім-инновация» лицейінің ұжымы!

Ақтөбе «Білім-Инновация» лицейі

Просмотров страницы: 11

Серіктестер