Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

14 наурыз күні «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорына қарасты «Spectrum» халықаралық мектебі мен «Білім-инновация» қоғамдық қорына қарасты «Нұрорда» мектеп-лицейінде Ұлыстың Ұлы күні Əз Наурыз мейрамы мерекеленіп, «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты салтанатты іс -шара үлкен тойға ұласты.

Мектеп алаңында ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, қазақтын салт-дәстүрі көрсетілген театрландырылған қойылымдар жиналған жұртшылықтың назарына ұсынылды. Мереке барысында ата-аналардың бастамасымен әр киіз үйде жеті дəстүрлі Наурыз көже əзірленіп, меймандарға берекелі ақ дастархан жайылды. Сондай-ақ өзге ұлт өкілдері қазақ халқының ән-жырын орындап, арқан тартыс, қазақша күрес, асық ату және қол күрес секілді ұлттық ойындар ойнатылды.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптей отырып, шетелдік ұстаздар мен оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін танытып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелейтін бұл шара жылдан-жылға өз жалғасын тауып келеді.

Мектеп ұжымы осылайша тағы бір мəрте бірлігі бекем, мақсаты мен тілегі ортақ жандардың  ортасы екендігін дəлелдеді!

 

 

 

Просмотров страницы: 30

Серіктестер