Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы Қазақстан Республикасының Президентімен қабылданған Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассемблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына және «100 нақты адам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарында Қазақстан Республикасының Президенті берген тапсырмаға сәйкес әзірленді.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларына, жастарына мемлекеттік тілді үйрету барысында қоғамның рухани негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарды (мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып) бойына сіңіруді, қазақстандық бірегейліктің азаматтық қағидаттарын қалыптастыруды көздейді.

Жобаның облыстық кезеңі Қарағанды қаласында қараша айының 16 жұлдызы болып өтті. Облыстық мектептер мен лицейлер Қарағанды қыздар «Білім-инновация» лицейіне жиналып, жоба онлайн түрде өтті. Оқушылар өз таныстырулары мен қазақ тілін қаншалықты меңгергендігін көрсететін өз өнерлерін көрсетті. Кей оқушылар қазақ ақындарының өлеңдерін оқыса, кейбірлері әр тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтты. Домбырада қазақ күйін орындаған оқушылар да кездесті. Жобаға қатысушылардың бірі Қарағанды қыздар «Білім-инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Юнусова Бибинур республикалық кезеңге өтті.

Жобаның бағдарламасы «мәдени-тілдік бой үйрету» халықаралық тәжірибенің озық нәтижелерін ескере отырып құрылғандықтан, барлық қатысушылардың мәдени және тілдік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді.

Барлық қатысушылар мен Бибинурға сәттілік тілейміз!

 

Просмотров страницы: 147

Серіктестер