Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Мұғалімдерге арналған «ХХІ ғасыр педагогы» атты жұмыстан қол үзіп біліктілікті арттыру курсы

«USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді оқытуды енгізу шеңберінде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған жұмыстан қол үзіп біліктілікті арттыру курстарын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Курстардың мақсаты – осы пәндердің мұғалімдеріне ағылшын тілін және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйрету.

Курстарды «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС «ХХІ ғасыр педагогы» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша республиканың 15 өңірінде 754 мұғалімге ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап өткізіп келеді.

Курс 272 академиялық сағаттан тұрады және ағылшын тілін оқытудың 3 кезеңін қамтиды:

1-кезең: ағылшын тілін В2 деңгейінде оқыту (кемінде 200 академиялық сағат);

2-кезең: пәндік курс (кемінде 72 академиялық сағат);

Курс нәтижелері бойынша тыңдаушылар CEFR (Common Europen Framework of Reference) шкаласы бойынша тіл игеру деңгейі көрсетілген халықаралық үлгідегі сертификаттар алады.

Пән мұғалімдері курс аяқталғаннан кейін:

– жалпы еуропалық тілдік құзіреттілік шкаласына (CEFR) сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейін В2 деңгейіне дейін арттырады;

– өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде меңгереді;

– ағылшын тілін оқытуға арналған пәндік-тілдік біріктірілген оқыту (CLIL) әдістемесін пайдаланады;

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

8 707 948 7434, ustazplc@gmail.com

 

 

Просмотров страницы: 26

Серіктестер