Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«MISS INNOVATION-2019»

21-наурыз күні Шымкент қаласында, «Білім-Инновация» лицейлеріне қарасты білім беру ұйымдарының арулары арасында «MISS INNOVATION-2019» байқауы өтті.

Биылғы байқауға сыңғырлаған күлкісі, сүйкімді қылығы жарасқан 12 ару қатысып, 5 бағыт бойынша бақ сынады. Олар алдымен өздерін таныстырып, кесте тігіп, ақын Фариза Оңғарсынова шығармасынан үзінді оқып, өнерлерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша гран-при мен «MISS INNOVATION-2019»  атағына Өскемен «Нұрорда» мектеп-лицейінің оқушысы Кнасилова Айзат лайық деп танылды. Жүлделі 1-орынды Павлодар «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Жарылқап Көркем иеленсе, 2-орын Қарағанды «Білім-Инновация» лицейіне Сатыбалдиева Аидаға бұйырды. Жүлделі 3-орынды Шымкент «Білім-Инновация» лицейінің аруы Байғали Алтыншаш олжалады.

Кнасилова Айзат
«MISS INNOVATION-2019»

Просмотров страницы: 57

Серіктестер