Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Мерейлі ұстаз-ана»

Көбешева Бақыт Тұрысбекқызы

2017 жылдың 30 қыркүйегінде Павлодар дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында «Мерейлі ұстаз-ана» атты бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, бақытты ана, қадірлі әріптес Көбешева Бақыт Тұрысбекқызына арналған кеш өтті. Мерейлі ұстаз, білім саласына көпжылдық еңбегі сіңген Бақыт Тұрысбекқызына арналған осы мерекелік кеш ұстаздар күніне орайластырылып өткізілді. Бұл кешке Астана қаласынан «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорынан, «БІЛІМ-ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорынан, Павлодар облысының білім беру басқармасынан арнайы қонақтар және Бақыт Тұрысбекқызының қолынан түлеп ұшқан қазақ-түрік лицейінің түлектері жиналды. Осы кеште Бақыт апайға арналған жылы лебіздер мен ыстық тілектер ағыны толастамады. Салтанатты кеште Павлодар облысы білім беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Жылқыбаева Ғалия Әнуарқызы ұлағатты ұстазға жүрекжарды тілегін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Бақыт Тұрысбекқызына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін Министр Е.Сағадиевтің атынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңес мүшесі, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Төлеубаев Нұрбол мырза орден табыс етті. Сондай-ақ, аяулы ана-ұстаз Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының басшысы Рамазан Баярдың Алғыс хатымен, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының Президенті Дархан Өтенің Алғыс хатымен марапатталып, оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Е.Сағадиевтің Құттықтау хаты табысталды.

Просмотров страницы: 17

Серіктестер