Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Мектеп оқушылары адам қолының 3D протездерін жасап шығарады

 

Бұрындары 3D принтерлер бізге фантастикалық құрылғы болып көрінетін. Бүгінде олармен тек ғалымдар ғана емес, қарапайым мектеп оқушылары да жұмыс істейді. Мәселен, «Білім-инновация лицейі» тәрбиеленушілері кітап ұстағыштардан бастап адам қол буындарының протезіне дейін әртүрлі заттарды жасап шығарады. Қол протездерін мүмкіндігі шектеулі жандар пайдалана алады. Балалардың бастамаларын лицей мұғалімдері қолдап, бақылап, бағыт-бағдар беріп отырады.

Нұрлан ТІЛЕУКИН, «Білім-инновация лицейінің» информатика және робототехника мұғалімі:
Ең алдымен, мен оны өзім көріп, жұмыс принципімен танысып, бағдарлама  қандай тілде жазылғаның ұғынуым керек. Содан кейін ғана, жақсы түрде, оны оқушыларға көрсетем.

Лицейде тек ер балалар оқиды, сондықтан инновациялық технологиялар мұнда үлкен танымалдылыққа ие. Оқушылар ерте жастан бастап, бағдарлама тілдерін меңгеріп, машиналарды басқаруды үйренеді. Жақын арада құлтемірлер қатары әртүрлі әуенге би билейтін осындай қызықты роботпен  толықты.

Біз роботтың бағдарламасын жазып отырғанбыз. Мен зауыттық бағдарламаларды көріп отырдым. «Сынақ» тетігін басып қалдым. Осы сәтте Абзал роботтың алдында отырған болатын, ал ол оны бетінен құлаштай келіп ұрып жіберді.
– Ауырды ма?
– Қатты ауырды (күледі)

«Технарлар» қатарындағы лицей оқушылары роботтар мен жасанды қол протездерін жасап жатса, «гуманитарлық ғылымдар» бағытындағылар шығармашылықпен айналысады. Тоғызыншы сыныпта оқитын Ибраһим бірнеше жылдан бері журналистика және режиссерлық мамандыққа қызығушылық танытып жүр. Ол басқа балалармен бірге қысқа бейнероликтер мен жаңалық сюжеттерін түсіреді. Түсірілімнен бастап, монтаж және дыбыстау жұмыстарының барлығын мектеп оқушылары өздері орындайды. Болашақта Ибраһим бейнебаяндар мен қысқа метражды фильмдер түсіруді армандайды.

Ибраһим СЫРЫМҰЛЫ,   9 сынып оқушысы:
Менің алғашқы жұмысым сыныптастарыммен бірге Көкшетауға барғанымыз жайында болды. Бағдарламаны алғаш рет толығымен пайдалану қызықты болды. Қазір мен өзімді жетілдіріп жүрмін. Монтаж жұмысына көп уақытымды бөліп, түсірілім сапасын арттыруға тырысамын.

Бастапқыда лицейдің баспасөз клубы балалардың сабақтан тыс уақыттарында пайдалы іспен айналысулары үшін ойластырылған болатын. Оқушылар бұл идеяны қуана қабылдап, клуб жұмысы қарқын ала бастады. Қазір мұнда қажетті жабдықтардың бәрі де бар. Осындай даярлықтан кейін оқушылар Қазақстанның, Ресейдің, Еуропа мен Американың жоғары оқу орындарына қиындықсыз түсе алады.

Айдамир АСКЕРТАЕВ, «Білім-инновация лицейі» баспасөз клубының жетекшісі:
Біздің режиссура бағытындағы көптеген сапарларымыз бар. Біз Алматыдағы жас режиссер Айсұлтан Сейітовке бардық. Астанаға жиі барамыз. Осылайша, біз өз оқушыларымызды осындай режиссерлерге қарап бой түзесін деген мақсатта ынталандырамыз. Осының арқасында олар жұмыстарын жалғастырып, үлкен жобалар жасайды.

«Білім-инновация лицейі» мектеп-интернат қағидаты бойынша жұмыс істейді: балалар апта бойы осында тұрады, үйлеріне тек демалыс күндері ғана қайтады. Алайда бұл ешкімді де мұңайтпайды. Себебі олар бос уақыттарын пайдамен өткізеді. Халықаралық олимпиадаларға жиі қатысады, онда әртүрлі адамдармен, елдермен танысады. Бірақ ең бастысы, ерте жастан бастап қайда және не нәрсеге ұмтылу керектігін біледі.

 

Бұл мақала http://101tv.kz/teennet/752-mektep-oushylary-adam-olyny-3d-protezdern-zhasap-shyarady.html – сайтынан алынды.

 

Просмотров страницы: 157

Серіктестер