Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

«Мейірімді жүрек»

Қазақтың бойына біткен жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық.

Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу мақсатында Қостанай “Білім-Инновация” лицейінде «Мейірімді жүрек» клубы жұмыс жасайды. Клуб мүшелері қаламыздағы түрлі орындарда болып, қолдарынан келген көмектерін көрсетуде.

Күн сайын көшеден қолына сыпырғы, күрек ұстаған тазалық жанашырларын көреміз. Жұмысшылар көбінесе шаң-тозаңда, шақырайған күннің, шытынаған аяздың астында жұмыс істейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамайды. Өйткенi, олар қала тазалығына жауапты екенін сезінеді. Біздің қаламыздың тазалығына жауапты  «Вескор» компаниясының жұмыскерлеріне «Мейірімді жүрек» клубының мүшелері өз қолдарымен бәліштер жасап, түскі ас уақытында ыстық шәймен сыйлады. Таңмен таласа оянып, сары түсті күртешелерін киіп, сыпырғы құралдарын қолына алып жұмысына кірісетін тазалықшылардың көл-көсір еңбектері үшін алғыс білдірді.

Туған қаламызды таза ұстау – тек аула сыпырушының ғана емес, баршамыздың басты борышымыз. Тазалық – біздің денсаулығымыз бен өміріміздің кепілі. Олай болса, қала тазалықшыларының еңбегі еш кетпесін десеңіз, қоршаған ортаны ластамаңыз.

Просмотров страницы: 23

Серіктестер