Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Математика пәнінен жасөспірімдер арасындағы Балқан олимпиадасының қорытындысы

20-25 маусым аралығында Агрос қаласында (Кипр) жасөспірімдер арасындағы 21-ші Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы командалық жарыста мәртебелі 2-орынға ие болды.

Биылғы білім додасына еліміздің атынан қатысқан жас математиктер қатарында «Білім-Инновация» лицейлерінің оқушылары бар. Солардың ішінде, Атырау «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Айбек Мырзатаев барлығы 40-тан 40 ұпай жинап, абсолютті жеңімпаз атанып, алтын медаль иегері атанды.

Жеке сайыста жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар қатарында:

  • Мырзатаев Айбек – Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицей-интернаты, мұғалімі – Раисов Адилет Булатбекович – алтын медаль;
  • Тен Юрий – “Haileybury” мектебі, мұғалімі – Жук Владимир Васильевич – алтын медаль;
  • Раушанов Марлен – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейі, мұғалімі – Муаммер Гул – күміс медаль;
  • Сакенов Батырхан – Алматы қаласы Республикалық физика-математикалық мектебі, мұғалімі -Батыршаев Мейрам Жайлаубекович – күміс медаль;
  • Калдыбек Ерасыл – Жамбыл облыстық “Білім-Инновация” мектеп-интернаты, мұғалімі – Зайтунов Шынғыс – күміс медаль;
  • Абдикаримов Бексултан – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейі, мұғалімі – Муаммер Гул – қола медаль.⠀⠀

Олимпиада жүлдегерлері мен талантты да қабілетті жас білімпаздарды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларды айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Медалдар қоржыны толыға берсін!

Просмотров страницы: 21

Серіктестер