Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

ЛИЦЕЙ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ТАУДАЙ МАҚСАТТАРЫ!

Биыл Атырау «Білім-Инновация» лицейін 49 шәкірт аяқтап, үлкен өмірге қанат қақты. Сапалы білім алып, төрт тілді еркін меңгерген, жаңашылдық пен өзгерістерге бейім қасиетті бойына жинақтай білген оқушыларымыз ұлттық біріңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштерге ие болды.

Білім сынағындағы үлкен нәтижелер арқылы лицейіміздің барлық шәкірттері жаз айларында ата-ана үмітін ақтап, шетелдік және республикалық белді жоғары оқу орнының студенті атанды. Олардың 90 пайызы оқу гранттарына ие болды.

Атап айтсақ, шәкірттеріміздің 13-і шетелдік оқу ордарының (Оңтүстік Корея, Канада, Ресей, Гонг Конг, Польша, Малайзия елдері); 17-і Астана қаласындағы оқу орындарының (Назарбаев университеті, Еуразиялық ұллтық университеті, Қазақ Гуманитарлық Заң университеті); 10-ы Алматы қаласындағы оқу орындарының (Қазақстан-Британ техникалық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университеті, Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті т.б.) 9-ы Атырау және Ақтау қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері атанды.

Бұл лицей тәрбиеленушілеріне білім мен тәрбие берген ұстаздардың, білім ордасымен тығыз қарым-қатынаста болып, қолдау көрсеткен ата-аналардың, тәрбиешілердің және білім алуға бар жағдайды туғызуға мұрындық болып келе жатқан лицей директорының жемісті еңбектері деп білеміз!

Түлектеріміздің студенттік өмірлерін мәнді де мағыналы, әрі табысты өткізіп, озық ой мен терең білімі арқылы еліміздің өркендеуіне еңбек етулеріңе тілектеспіз!

Атырау Білім-Инновация лицейі

Просмотров страницы: 10

Серіктестер