Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Көшбасшылық құзыретті дамыту тетіктері» атты тренинг

Ағымдағы жылдың 24-26 қаңтар аралығында «Білім-инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығында «Көшбасшылық құзыретті дамыту тетіктері» атты тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты – «Білім-инновация» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ қарасты білім беру ұйымдары басшыларының арасындағы сапалы менеджмент дамыту.

Аталмыш шараға «Білім-инновация» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ қарасты білім беру ұйымдарының басшылары қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді, атап айтар болсақ: білім саласы бойынша, Елбасы жолдауындағы айтылған мәселелерді жүзеге асыру жолдарын, білім сапасын арттыру бағытындағы атқарылатын жұмыстар мен білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды кеңінен талқылады.

Тренинг барысында, «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Абдурахман Сел «Білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен» бөліссе, «PR4U» ЖШС-нің басшысы Джошкун Шабан «Пиар қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында сөз қозғады. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру, басқару бойынша Қарағанды «Білім-инновация» лицей-интернатының басшысы Қазыбек Елюбаев өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, жиын аясында білім беру орындары жарты жылдық есептерімен таныстырды.

Жиын соңында білім беру ұйымдарының басшылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп,  осындай іс-шаралардың пайдасы зор екенін атап өтті.

Просмотров страницы: 178

Серіктестер