Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Көңілді Тапқырлар Лигасының (КТЛ) аймақтық жарысы – Алматы

Қарашаның 25-і күні Алматы облысы бойынша колледж және лицей оқушылары арасында ең алғаш рет Көңілді Тапқырлар Лигасының (КТЛ) аймақтық жарысы ұйымдастырылды. Бұл аймақтық жарыс Алматыда тұсауы кесіліп, Республикамыздың 4 қаласында жалғасын табады. Әр аймақтың жеңімпаз командасы көктемде Астанадағы ақтық сайыста бас қосады.

КТЛ-дың басты мақсаты – оқушыларымыздың білім алуымен қоса жан-жақты болуын, бәсекелестік арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамыту.

Алматы облысының аймақтық жарысына 6 команда қатысты:
1) “Алтын адам” командасы, Есік БИЛ!
2) “Андай team” командасы, СДК!
3) “Есьже, Я приезжий!” командасы, Талдықорған БИЛ!
4) “Bang Group” командасы, СДЛ!
5) “Typical емес” командасы, Алматы Қыз БИЛ!
6) “FUNбастар” командасы, Ақсай БИЛ
Қорытынды бойынша 1-орынды Алматы қыздар лицейі (@alkiz.media) иеленіп, ақтық сайысқа жолдама ұтып алды. Екінші орынға Сулеймен Демирель колледжі (@sdcl.kz) табан тіресе, үшінші орынға Алматы ұлдар лицейі (@almatyboysbilim) қол жеткізді.

 

Просмотров страницы: 52

Серіктестер