Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Көкшетау «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары қайырымдылық акциясын өткізді

Көкшетау «Білім-Инновация»  лицейінің оқушыларынан құралған «Жылы жүрек» қайырымдылық клубы қаламыздағы қамқорлыққа зәру отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияға лицейіміздің 113 ата-анасы атсалысып, балаларымен бірге дайындаған тәтті, дәмді тамақтарын сатып, 168 332 теңге қаражат жинақтады. Түскен қаражатты лицейдің қамқоршылық кеңесі мүшелерімен ақылдаса отырып, оқушыларымыздың араласуымен алдын ала анықталған 13 отбасына көмек көрсетілетін болады.

Сауапты іске қол ұшын созған барлық лицей ұжымына алғысымыз шексіз!

Просмотров страницы: 15

Серіктестер