Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

ІІ республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті

27-29 мамыр күндері “NURORDA” мектеп-лицейінде екінші рет республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық аймақтарынан 223 оқушы іріктеліп, 219 оқушы қатысты.

Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.

Шара барысында интеллектуалды сайыстан басқа, қызықты экскурсиялар, психологиялық тренингтер, интеллектуалды және қозғалмалы ойындар өткізілді.

«Біз бұл олимпиадада оқушыларды облысқа бөлуден бас тарттық және керісінше, оларды пәндер бойынша командаға біріктіруді шештік. Осы сәттен бастап жас олимпиадашылар басқа өңірлерден келген өз құрдастарымен танысып, болашақ олимпиадаға дайындықтарын өз тұрғылықты жеріне қарамастан жүзеге асырады», – дейді ұйымдастырушылар. 

Олимпиада аясында өткен семинарда республикамыздың үздік олимпиадалық жаттықтырушылары атақты мұғалім Муаммер Гюль және жас, ең  нәтижелі тренер Хаджимуратов Нурсултан шебер-сыныптар өткізді.

Қазылар алқасының шешімімен  І дәрежелі дипломдармен – 20 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 28 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 47 оқушы және Олимпиада демеушісі «ExxonMobil Kazakhstan Inc.» компаниясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Бас жүлдені 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен “Жасөспірімдер арасындағы республиканың ең үздік олимпиадалық мектеп” Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі иеленді.

Бірінші орын ең танымал олимпиада мектептерінің бірі Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің командасына берілді.

ІІ орын – Алматы қ. “Білім-Инновация” лицей-интернатына және “NURORDA” мектеп-лицейі алса, ІІІ орын – Қарағанды қ. №1 “Білім-Инновация” лицей-интернатына және Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің филиалына берілді.

Мектептер рейтингін есептеу халықаралық спорттық және зияткерлік олимпиадаларда қабылданған әдістеме бойынша жүргізілді: алдымен алтын, одан кейін күміс, кейін қола медаль саны есептеледі.

Просмотров страницы: 41

Серіктестер