Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«ХХІ ғасыр педагогы» біліктілікті арттыру курсы

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған шарт шеңберінде биология, химия, физика, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсы басталды. Курстың негізінде ағылшын тілінің В2 деңгейі мен пәндік курсты игеру бойынша В2 деңгейі оқытылуда.

Курсты өткізудегі мақсат – ағылшын тілін В2 деңгейіне дейін меңгеруді және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйрету. Курс «ХХІ ғасыр педагогы» атты авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Аталмыш бағдарлама еліміздің үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің биология, химия, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының білім беру процесін реттейді. Бұл бағдарлама ағылшын тілінде өтеді. Курс тіл меңгеру деңгейін жетілдіре отырып,  оқытудың біріктірілген тәсілін қолданады.

Сабақ Атырау, Орал, Ақтөбе, Петропавл, Қостанай, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Павлодар қалаларында өткізіледі.

Жұмыстан демалыс алып өткізілетін курстар 2 кезеңнен, 292 академиялық сағаттан сондай-ақ орындаушы есебінен күн сайын қосымша 2 сағаттық практикумнан тұрады.

Бірінші және екінші кезеңдер аудиториялық сағаттардан, аптасына 5 рет, күніне 8 академиялық сағаттан өткізіледі. Оқыту прогресін әділ бағалау үшін тыңдаушылар әрбір тілдік кезең аяқталғаннан кейін емтихандар тапсырады, оның нәтижелері бойынша тыңдаушылар CEFR (Common Europen Framework of Reference) шкаласы бойынша тіл игеру деңгейі көрсетілген халықаралық үлгідегі сертификаттарды алады.

Курсқа қатысушы пән мұғалімі нәтижесінде, жалпы еуропалық тілдік құзіреттілік шкаласына (CEFR) сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейін В2 деңгейіне дейін арттырады; өз пәні бойынша тақырыптық терминологияны ағылшын тілінде меңгеріп, оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттыратын ақпараттық-коммуникативтік технологияларды игереді; ағылшын тілін оқытуға арналған пәндік-тілдік біріктірілген оқыту (CLIL) әдістемесін пайдаланып, оқытудың инновациялық әдістерін игереді.

Просмотров страницы: 15

Серіктестер