Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесу

З сәуір күні «Білім Орда» халықаралық қоғамдық қорына қарасты “Spectrum” халықаралық мектеп мекемесінде қазақ ғарышкері, ҚР «Халық Қаһарманы», космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Айымбетовпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың еліне деген құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін дамыту, болашаққа деген сенімдерін қалыптастыру.

Кездесу барысында Айдын Айымбетов орбитада жүргізілген ғылыми эксперименттері туралы, адам организміне ғарыш сәулелерінің әсері туралы, ұшу барысында болған қиындықтары туралы, балалық шақтағы армандары мен ғарышкер болу үшін жан-жақты болу керектігі жайында сөз қозғады. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Жиын соңында оқушылар естелік суретке түсіп, Айдын Айымбетовтың қолтаңбасын алды. Ұйымдастырушылар тарапынан кездесу қонағына алғыс айтылып, естелік сыйлық ұсынылды.

Просмотров страницы: 22

Серіктестер