Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

«Ермұханова оқулары..» атты республикалық конференция

        

2018 жылы мамыр айының 4-жұлдызында Алматы қаласы Білім басқармасының «Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты» КММ-да Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі,
Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегері, 40 жыл өмірін ҚР-ның білім беру саласын дамытуға арнаған әдіскер- ұстаз Ермұханова Хадиша Кенжеғұлқызының 60 жасқа толған мерейтойы құрметіне «БІЛІМ –
ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры, соның ішінде БИЛ тарихшыларымыздың әдіскері Сатанов Арстан Болатұлының, Ақсай БИЛ-дің директоры Өскенбай Ғалымжан Зұлпыхарұлының және Ақсай БИЛ
ұйымдастырушы тобының шебер ұйымдастыруымен «Ермұханова оқулары: тарих және қоғамдық пәндерді оқытудың инновациялық әдістемелері мен тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-әдіснамалық конференция өткізілді.

Конференция жинағына 3 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 4 магистр, 30-ға жуық ұстаз бен 4 оқушының материалдары жарияланды. Конференцияға «БИЛ» Халықаралық қоғамдық қоры президент кеңесшісі
Төлеубаев Нұрбол Насырбекұлы, «БИЛ» ХҚҚ білім беру сапасын бағалау және бақылау басшысы Қонақбаев Нұрхат Бекболатұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану»
кафедрасының доценті, т.ғ.к. Құнапина Қайыркен Құдайбергенқызы, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының жетекші сарапшысы Смағұлова Алмагүл Зарғұмарқызы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі т.ғ.д., доцент Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы, «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы Салықбай Әбділдабек Жұмабекұлы, Алматы қаласы мектептерінің ұстаздары, Кентау БИЛ-ден Бахиева Халбибі Қонысбаевна мен Әпет Құралай Амантайқызы,
Шымкент БИЛ-дерден Тилеубаева Гүлжан Пердебековна мен Оспанов Сейтжан мырза, Павлодар БИЛ-ден Нурхаева Ардақ Есенгельдиновна, Есік БИЛ-ден Рахимова Гульмира Абилгазиевна мен Ещанова Тамара
Жеткербаевна қатысты. Конференцияда Хадиша Кенжеғұлқызының ҚР білім саласына, БИЛ-нің білім саласын дамытуға қосқан шексіз үлесі туралы айтылды.

Хадиша Кенжеғұлқызы бірнеше әдістемелік оқулықтардың авторы, соның ішінде атап айтсақ: Қазақстан тарихы. Оқулық-тест. ШЫҢ баспасы, 2004-2011 жылдары. Қазақстан тарихы тестілер жинағы. ШЫҢ баспасы,
2007, Қазақстан Тарихы. Электронды оқулық. WIKIBILIM қоғамдық қоры , 2012. Қазақстан тарихы тестер мен лекциялар жинағы 2014-2018 , Қазақстан тарихы нақты деректер ШЫҢ баспасы 2007 ж. т.б.

Конференция барысында Хадиша Кенжеғұлқызына ҚР БҒМ, Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының, БИЛ қорларының Алғыс хаттары, ҚР БҒМ-нің Құрмет грамотасы табысталды. Конференцияда «Жанымда жүр жақсы адам» атты Кентау БИЛ-нің тарих пәнінің ұстазы ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Әпет Құралай баяндама жасады. Баяндама барысында бүгінгі конференцияның жалғасы ретінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Бабалар өсиеті» деген айдармен тарихтың өлкетану бағдарламасы негізінде республика көлемінде олимпиада ұйымдастырылып тұрса деген пікір айтылды. Себебі, «Жарқын болашақ» атта қазақ тілі олимпиадасы халықаралық деңгейде танылып жатыр, тілдік дарындылықты анықтауда керемет мүмкіндіктерге ұйытқы болып отыр. «Сол секілді Отан тарихымыздың бастауы туған өлкеден басталатынын негізге алып, «Бабалар өсиеті» атты өлкетанушылар олимпадасын барынша қолға
алуымыз, дамытуымыз керек», – деді Құралай ханым. Бұл бабалар аманатын болашақ патриоттарымыздың жаңғыруына жасаған үлкен мүмкіндік болатын еді. Бұл «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақсатымыздың да іске асуына қосылған бір үлесіміз болары анық. Кеште Хадиша апайдың алыс
жақын шетелде қызмет етіп жүрген шәкірттері бейнебаяндар жіберіп, ата-аналар сөз алды. Кеште Хадиша Кенжеғұлқызының адами парасатты тұлғасы, кеңпейілділігі, айналасына жүрегінің нұрын шашқан,
адамгершіліктің биік үлгісін көрсете білген, өмірлік ұстанымы қарапайымдылық болғаны, салмақты мінезі туралы ыстық лебіздер айтылды.

Хадиша Ермұханқызы ерен еңбегінің арқасында еңбегі бағаланып, жемісін көруде. Хадиша Ермұханқызының ұстаздық, адами өмір жолы барша ұстаздарға үлгі. Ол көрсетілген құрметтердің бәріне лайықты ұстаз, әрі Ана.
БИЛ ұстаздары Хадиша Ермұханқызына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейді!

   Нурхаева Ардақ Есенгельдиновна- Павлодар облысы әкімдігі Павлодар
облысы білім беру басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-
ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ

Просмотров страницы: 58

Серіктестер