Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

ЕЛОРДАДА «ЖАС КӨШБАСШЫ-2018» ОҚУШЫЛАР ҚҰРЫЛТАЙЫ БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндеріне белгіленген «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауы аясында «Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері арасында «ЖАС КӨШБАСШЫ-2018» құрылтайы басталды.

Оған Қазақстанның әр аймағындағы «Білім-Инновация» лицейлері президенттерінен (өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері) құралған оқушылар қатысуда. Екі күндік құрылтай аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-тәжірибе арқылы көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруде.

Құрылтайдың бірінші күні «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті Нұрбол Төлебаев «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауы «білімнің салтанат құруы», «ұлттық бірегейлікті сақтау», «бәсекеге қабілеттілік» төңірегінде сөз қозғап, жас көшбасшыларға маңыздылығын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ жігерлі жастар журналист, «Жайық пресс» ақпараттық холдингінде бас директор, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының және Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шыңғыс Мұқанмен және Оңтүстік Кореядағы КАИСТ институтын бітірген, қазір білім саласында қызмет атқарып жүрген Қайрат Ерназарпен кездесті.

Сондай-ақ ертең оқушылар «Жас көшбасшы-2018» құрылтайының қатысушылары ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісі ғимараттарына танымдық саяхат жасап, Тәуелсіздік сарайында өтетін шетелдік ЖОО-лар көрмесіне қатысады.

Просмотров страницы: 27

Серіктестер