Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2661
Облыстық: 11638
Халықаралық: 3580
басты бетке

Елордада «Үздік педагогтар» марапатталды

Kazaknews.kz @safahtay

2 қазан елордадағы EXPO аумағында  ұстаздар мерекесіне орай өткен марапаттау рәсімі мен мерекелік кеште ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева педагогтер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, “Үздік педагогтарды” марапаттады.

Kazaknews.kz @safahtay

“Сіздердің еңбектеріңіз зор” деген Д. Назарбаева аз уақыт бұрын ағылшын тілін білім бағдарламасына енгізу, пәндерді ағылшын тілінде оқыту мәселесі бар болғандығын атап өтіп, бағдарлама бастамасының салмақты екенін, бұл мәселені білім министрі Ерлан Сағадиевтен әрдайым сұрап отыратынын атап өтті. “Меніңше, үш тілдің болғаны өте маңызды” деген Сенат депутаты туған тіл қазақ тілі, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ал ағылшын тілін меңгеру заман талабына сай екендігін алға тартты. “Сондықтан құрметті ұстаздар сіздердің асқан төзімдеріңіз үшін алғыс білдіремін!”, – деді Д. Назарбаева.

Kazaknews.kz @safahtay

Шара барысында “Úzdik pedagog – 2018” республикалық байқауының жеңімпаздары Д. Назарбаеваның қолынан мақтау қағаздары мен 2,4 миллион көлеміндегі ақшалай сертификатқа ие болды.

Kazaknews.kz @safahtay

Марапатқа ие болған 48 ұстаздың қатарында Қарағанды облысы Қарағанды қаласындағы № 1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі Саматов Абылай Маратұлы бар. “Үздік педагог-2018” атанған Абылай Саматов оқушылардың қашан да зияткерлік қабілетін дамытуға баса мән беретінін, сол себептен олимпиадаларға жиі дайындап, олардың білімі мен танымын әлдеқайда жоғары деңгейде арттыруға әлеует барын айтады. Ұстаздың 7 жылдық еңбек өтілі бар. Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірлерінде, атап айтсақ, Қостанайда, Астанадағы “Нұрорда” мектеп-лицейінде, соңғы 3 жылда Қарағандыдағы инновация лицейінде шәкірт тәрбиелеп жүргендігін атап өтті.

Kazaknews.kz @safahtay

“Химия саласында жаңа бағдарлама яғни үш тілділікке байланысты кітап жазып жатырмыз. Үш тілділік бойынша мұғалімдерге көмек қолын созып, тіл курстарын екі жылдай жүргізіп келемін. Химия пәнінен практикалық жұмыстардың көп болуын талап етемін. Теорияны да мейлінше ұғындыруға тырысамын. Яғни жаратылыстану ғылымдары үшін теория мен практиканы тең ұстап, шәкіртке жеткізу өте маңызды деп білемін”, – дейді А. Саматов.

Kazaknews.kz @safahtay

Осы жылы республикалық байқаудан аудан және қала бойынша 3 864, ал облыстық турларға 710 ұстаз қатысқан. Ал 2018 жылдың үздік педагогы» атағын тағайындау бойынша республикалық комиссияның қарауына 147 құжат, оның ішінде мектепке дейінгі және орта білім педагогтарынан 109 құжат, техникалық және кәсіптік білім саласынан 38 құжат келіп түскен. Байқау қорытындысы бойынша, 48 орта мектеп мұғалімі мен 16 колледж оқытушысы жеңімпаз атанды.

 

Просмотров страницы: 75

Серіктестер