Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Елордада «Көшбасшылық құзыреттілікті арттыруда менеджмент пен басқарудың заманауи тәсілдерін жетілдіру» атты семинар өтті

Семинарға еліміздің әр өңірінен 40-қа жуық «Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру мекемелерінің директорлары мен орынбасарлары қатысты.

Семинарды ұйымдастырудағы мақсат – оқу жылы басталмас бұрын, өткен жылды қорытындылап, директорлар мен олардың орынбасарларын жаңа оқу жылының жаңалықтарымен таныстыру.

«Осы семинарды ұйымдастыру барысында, біз тәжірибелі және жаңадан қызметін бастаған директорлардың орынбасарларымен ақылдасып, бірнеше маңызды тақырыптарды анықтап алдық. Мысалы, уақытты қалай тиімді пайдалану керек? Осы тақырып аясында тәжірибелі директорлардың орынбасарлары апталық және жылдық жоспарларымен бөлісіп, дұрыс жасалу жолын көрсетті. Сондай-ақ, әр лицейде ҰБТ-ға, олимпиадаға жауапты мұғалімдер бар. Ол кісілермен нәтижелі жұмысқа жету үшін не істеу қажет? Семинарға қатысушылар осы мәселелер төңірегінде өз пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Қазір біздің негізгі басымдығымыз оқушыларымызды әлемдегі ең үздік университеттерге оқуға түсіру және «Болашақ» бағдарламасына дайындау. Осыған сай, семинар кезінде жауапты мамандар бірқатар тақырыптарды қозғады», – дейді ұйымдастырушылардың бірі Бахтияр Эрметов.

Әбіләзім Абылай, дарынды қыз балаларға арналған Атырау «Білім-Инновация» лицейі директорының орынбасары:

«Семинар әдеттегідей өте жақсы өтті. Жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Семинар аясында заман талабына сай, білім беру жүйесіне байланысты өзгерістерді назарға ала отырып, лицейдегі оқу процесін жақсартып, бүгінге дейін жасап жүрген ісімізді әрі қарай, басқа бір дәрежеге шығару жолдарын үйрендім. Сонымен қатар, тәжірибелі мұғалімдерден бәсекеге қабілетті білікті маман әрі өз пәнінің кәсіби шебері болу үшін, керекті мәліметтерді ала білдім», – дейді.

Просмотров страницы: 35

Серіктестер